17-19 қыркүйек аралығында балабақшада «Күз сыйлықтары»көрмесі ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер ата-аналарымен бірлесіп қолөнер байқауына белсенді қатысып, шығармашылық көзқарас пен өзіндік ерекшелігін көрсетті.

2025 жылғы 12-17 қыркүйек аралығында балалардың сөздік қорын кеңейту және тілдік дағдыларын өлеңдер, мақал – мәтелдер, әндер, сөйлеулер арқылы дамыту мақсатында «Тіл-мәртебесі-ел мәртебесі» атты іс-шара өткізілді. Тіл-ұлттың мақтанышы, тірегі екендігі туралы қазақ тілі мұғалімі Капашева Н.К. балаларға және тәрбиешілер мен ата-аналарға кеңінен түсінік берді. Ана тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеп, мемлекеттік 

тілді насихаттау, тілді қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру әрбір азаматтың борышы екенін түсіндірді. Тілге арналған іс-шараларда балалар өз өлеңдерін мәнерлеп оқып, мақал-мәтелдерін арнады, ортаға ән мен би өнерлерін паш етті. Күн сайын Instagram, facebook платформаларында бейнероликтер мен фотосуреттер түрінде жүргізілген жұмыстар жарияланды.
Ана тіліне арналған кітап және фотокөрмелер ұйымдастырылды.
«Тілге бойлау»жобасына енгізілген орыс тілді топтарының педагогтарымен тақырып бойынша консультациялар ұйымдастырылды, сондай-ақ қазақ тілі мұғалімі Капашева Н.К. мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ тіліне оқыту бойынша жас тәрбиешілерге баяндама жасап, шебер-сыныптар өткізді. Педагогтар АКТ көмегімен ата-аналарға «Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін оқытудың негізгі бағыттары» тақырыбында буклеттер, жылжымалы папкалар, сөйлейтін қабырғалар дайындап ұйымдастырды. Орыс тілді топтардың балалары «Қазақшаң қалай балақай? » атты байқауға қатысты. «Тілге бойлау»жобасына енген топтардың балалары Павлов Юман және Ларионова Ксюша «Өнерім саған Қазақстан» атты байқауының мәнерлеп оқу номинациясына қатысты. Барлық этностардың балалары белсенділік танытып, жүлделі орындармен марапатталды.
Қорытынды: іс-шараларды өткізу қазақ тілін үйренуге, сөздік қорын кеңейтуге және тілдік дағдыларды дамытуға тұрақты қызығушылықты оятуға елеулі үлес қосты. Тәрбиешілер мен балалар және ата-аналар іс-шараларға қызығушылықпен қатысты, мемлекеттік тілде мақал-мәтелдер үйренді, көрме материалдарымен танысты. Бұл жұмыс ата-аналар қауымының қызығушылығын тудырды және ана тілін үйренуді жалғастыруға, ұттық мұра ретінде білімін тереңдетуге деген ұмтылысты тудырды.

Балабақшамызда қазақ тілі мұғалімі Капашева Н.К. Игамбердиева С.Б ұйымдастыруларымен: «Тіл мәртебесі — ел мәртебесі» атты мәнерлеп оқу іс-шарасы өтті. Мақсаты:

1.Тәрбиеленуші бүлдіршіндердің өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы балалардың ой өрісін дамыту.
3.Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.

17 қыркүйек 2025 жылы жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Отырыс барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  • білім беру үдерісін ұйымдастыру;
  • тәуліктік режим мен тәрбиеленушілердің тамақтануын ұйымдастыру;
  • балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын қорғау;
  • оқу жылына арналған бірлескен іс-шараларды жоспарлау.

Ата-аналар талқылауға белсене қатысып, мекеменің жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізді.

Бөбекжай-бақша әкімшілігі ата-аналарға ынтымақтастығы мен балалардың тәрбиесі мен дамуына қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіреді.