Құрметті ата-аналар, әріптестер және қонақтар!

Сіздерді Коммуналдық мемлекеттік мекеме Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының «Тайынша ауданы білім бөлімі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Болашақ» бөбек-бақшасының сайтында қарсы аламыз.

Балабақшаның салтанатты ашылуы 2011 жылдың 12 желтоқсанында болып өтті.

МКҚК «Болашақ»бөбекжай-бақшасы» -бұл баланың интеллектуалдық, шығармашылық және физикалық дамуына ықпал ететін, әр баланың жеке қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін қызықты әлем.

Балабақшада балалардың қауіпсіз болуын ескере отырып, мектепке дейінгі білім берудің заманауи үрдістеріне және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келетін материалдық-техникалық база нығайтылып, пәндік-кеңістіктік орта құрылды.

Кәсіпорындағы адам ресурстарын басқару жоғары білікті пікірлестер тобын құруға бағытталған. Педагогтар қызықты және шығармашылық идеяларды үнемі іздейді, сондықтан мектепке дейінгі балалық шақ балалар үшін дамытушылық кезеңге айналады.

 

Педагогикалық процестің тиімділігінің маңызды шарты-балалармен жұмыс жасауда инновацияларды қолдану.

Педагогтардың қала, аудан, облыс, республика деңгейінде де өз шеберліктерін арттыруға мүмкіндігі бар.

Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту – кәсіпорынның басымды мақсаттарының бірі.

 

Балабақшада теңдестірілген 4 реттік тамақтану ұйымдастырылған, денсаулық сақтау технологиялары қолданылады: қатаю, сауықтыру гимнастикасы, «Степ-аэробика» үйірмесі, пионербол үйірмесі және т.б. Жоғары білікті медицина қызметкері білім беру процесін сапалы медициналық қолдауды қамтамасыз етеді.

 

Жетістіктеріміз де аз емес! Біздің бақшамыздың тәрбиеленушілері зияткерлік, шығармашылық және спорттық байқауларының жеңімпаздары болып табылады.

Қызмет барысында 800-ден астам балабақшамыздың түлегі болып мектепке аяқ басты. Олар мектептерде жақсы үлгерім көрсетуде.

Біздің кәсіпорынның қызметі өзара құрметке, сенімге және іскерлік қатынастарға негізделген!

Біздің әріптестеріміз арасындағы жемісті ынтымақтастық – мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру үшін! Біз жинақталған тәжірибемізді республиканың түрлі өңірлеріндегі әріптестерімізбен бөлісуге қуаныштымыз.

Әр күніміз балабақшаларда жақсы ниетпен басталсын, балалардың сыңғырлаған дауыстарымен тәрбиешілердің жүздері  жарқырай берсін. Біздің балаларымызға және олардың ата-аналарына денсаулық, амандық, қуаныш тілейміз! Біздің күш-жігерімізбен әрқашан балалар үшін әдемі ертегідей бақытты балалық шақ  нәсіп етсін!

Құрметпен Гизеева Гүлмира Олжабайқызы

МКҚК «Болашақ»бөбекжай-бақшасының» меңгерушісі

Сұрақ қою

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған